Жақында «Қазақстан халқына» қоғамдық Қорының қолдауының арқасында Ядролық медицина және онкология орталығы химиотерапияны қолдана отырып, қатерлі ісіктердің әртүрлі локализациясын, оның ішінде сүт безі, ішек, қуық асты безі және аналық без обыры сияқты қатерлі ісіктерді емдеуде өз мүмкіндіктерін кеңейтті. «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» АҚ-да мультидисциплинарлық тобы талқылап, келіскеннен кейін біздің орталықтың бірқатар пациенттеріне денсаулық көрсетімдері бойынша ҚР-да бұрын тіркелмеген, бірақ барлық әлемдік емдеу хаттамаларының ұсынымдарында бар таргетты препараттарды тағайындау ұсынылған болатын.
Осылайша, қайырымдылық қорының қолдауы аясында 8 пациент Линпарза (Олапариб) препаратымен, 5 пациент – Эрлеада (Апалутамид) препаратымен, 1 пациент Рифлуридин/Типирацил (Лансурф) препаратымен қамтамасыз етілді. Жақын арада 2 пациентті Кискали(Рибоциклиб) препаратымен қамтамасыз ету жоспарлануда. Қазіргі уақытта «Қазақстан халқына» қорымен келісімшарт 9 препарат бойынша ресімделді. Жуық арада мұндай режимде қалған пациенттерді көрсетімдері бойынша дәрілік препараттардың басқа түрлерімен қамтамасыз ету жоспарлануда.
Айта кету керек, химиотерапия онкологиялық ауруларды емдеудің негізгі әдістерінің бірі болып табылады. Ол обыр жасушаларын жоюға және олардың өсуін тежеуге мүмкіндік береді, метастаздардың даму қаупін азайтады, сонымен қатар аурудың қайталану мүмкіндігін қысқартады. Химиотерапияның мүмкіндіктерін кеңейту, әрине, бүкіл онкологиялық қызметті нақты қолдау десе де артық емес. Сондықтан, біз «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына жемісті ынтымақтастығы мен қолдауы үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз!