Халықаралық еріктілер күні қарсаңында Абай атындағы облыстық кітапханада еріктілер слеті өтті-бұл күні «Отбасы орталығы» қоғамдық қоры белсенді азаматтық ұстанымы бар, ашық және мейірімді жандарды құрметтеді.
«Бүгін біз еріктілерімізді – мейірімді жарқын азаматтарымызд құрметтейміз. Біздің бүгінгі кейіпкерлеріміздің әрқайсысы әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруда баға жетпес қолдау көрсетті. Бұл адамдар бос уақыттарын айналасындағыларға аянбай көмектесіп қана қоймай, өз жанының бір бөлігімен, жүректерінің жылулықтарымен бөлісті. Әрине біз әрқайсысына өте ризамыз және шексіз алғысымызды білдіреміз», – деп атап өтті «Отбасы орталығы» қоғамдық қорының президенті Жанна Жибраева.
Жыл сайын «Отбасы Орталығы» Қоғамдық Қоры өңірде маңызды әлеуметтік институттарды, азаматтық қоғамды, оның ішінде ана мен баланы қорғау сияқты маңызды бағыттарды дамытуға көзделген ондаған маңызды жобаларды іске асырады. Биылғы жыл да ерекшелік болған жоқ.
«Биыл біз өңірлерге ерекше назар аудардық, аудандарға, ауылдық округтерге сапарлармен бардық. Серіктестеріміздің, еріктілеріміздің арқасында біз онда көшпелі скринингтік тексерулер, тұрғын үй сатып алу бойынша кеңестер, заңгерлік кеңестер және т.б. маңызды іс-шаралар өткіздік. Бұл жұмыстың барлығы еріктілердің көмегінсіз мүмкін болмас еді, сондықтан мен азаматтық қоғам құрудағы еріктілердің рөлін тағы бір мәрте атап өтіп, осы бағыттың дамуының маңыздылығын атап өткім келеді», – дейді «Отбасы орталығы» қоғамдық қорының президенті Жанна Жибраева.
«Отбасы Орталығы» Қоғамдық Қорының алғыс хаттары мен естелік сыйлықтарының иегерлері қатарында біздің Орталықтың радиолог дәрігері Светлана Удерина да болды. Ол бір топ дәрігерлердің құрамында осы жылдың жазында бірқатар өңірлерде, соның ішінде Көкпекті, Жарма, Абай аудандарында скринингтік тексерулер жүргізді. Орталық ұжымы атынан Светлана Рахимгазиевнаны лайықты марапатымен құттықтай отырып, одан да үлкен табыстар тілегіміз келеді.
«Отбасы орталығы» қоғамдық қорының президенті Жанна Жибраева атап өткендей, еріктілердің қоғам өміріне белсенді қатысуы одан да ауқымды және маңызды жобаларды іске асыруға ынталандыру болып табылады. Мысалы, келесі жылы «Отбасы орталығы» қоғамдық қоры өңірдегі «жасыл» технологиялардың дамуына назар аударуды жоспарлап отыр.