Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының ядролық медицина және онкология орталығы
Өткен сенбі күні Ядролық медицина және онкология орталығында сирек кездесетін, бірақ агрессивті қатерлі ісіктердің бірі — саркоманың алдын алу және ерте анықтауға арналған Ашық есік күні өтті.
Іс-шараның мақсаты — онкологиялық ауруларды ерте диагностикалаудың маңыздылығы туралы халықтың хабардарлығын арттыру. Кез келген адам алдын ала жазылусыз, жолдамасыз және мүлдем тегін онколог дәрігерден кеңес алып, қажетті тексеруден өте алды.
Ашық есік күні аясында орталыққа шамамен 20 адам жүгінді. Барлық қатысушылар мамандардың тексеруінен өтті. Тексеру нәтижелері бойынша онкологиялық аурулар немесе онкопатологияға күдік анықталған жоқ. Дегенмен, дәрігерлер профилактикалық тексерулердің денсаулық пен өмірді сақтаудағы маңыздылығын ерекше атап өтті.
Ядролық медицина және онкология орталығы мұндай іс-шараларды алдағы уақытта да өткізуді жалғастыратын болады. Сондықтан жаңалықтарымызды қадағалап, өз денсаулықтарыңызға мұқият болыңыздар — денсаулық өзіңізге деген қамқорлықтан басталады.