24 шілде күні Ядролық медицина және онкология орталығында Ғылыми-клиникалық кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиын дәстүрлі түрде Кеңес төрағасының кіріспе сөзінен басталды, одан кейін Орталықтың ғылыми, білім беру және кадрлық қызметіне қатысты бірқатар мәселелер қаралды.
Отырыс барысында ғылыми қызметкерлерді қолдау бастамалары, жарияланымдық белсенділік мәселелері және Орталықтың ғылыми қызметін одан әрі дамыту жөніндегі ұсыныстар талқыланды.
Кеңес мүшелері ұсынылған материалдарды қарап, бірқатар мазмұнды ұсыныстар айтты. Отырыс Орталықтың ғылыми және кадрлық әлеуетін нығайту жолындағы бағытын растап, іскерлі және нәтижелі атмосферада өтіп.