Құрметті достар! Осы сенбі, 25 шілде күні, біздің Орталықта саркоманың алдын алу және ерте анықтау мақсатындағы кезекті «Ашық есік күні» өтеді. Іс-шара барысында әрбір адам алдын ала жазылусыз, дәрігердің жолдамасынсыз және тегін скринингтік тексеруден өте алады. Ашық есік күні Орталығымыздың емханасында сағат 9:00-ден 12:00-ге дейін өтеді.