Семей қаласында «Өзгерістер жолында: Жатыр мойны обырын жою мақсатында АПВ-ға қарсы вакцинация саласындағы әйелдердің мықты көшбасшылығы» тақырыбында дөңгелек үстел-форумы өтті.
Іс-шара Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының Ядролық медицина және онкология орталығы базасында ұйымдастырылды.
Форумның қатысушылары:
-Баян Бекетова, Абай облысының штаттан тыс бас онкологы
-Сауле Молдахметқызы Калиева, дәрігер-гинеколог
-Альмира Мадриковна Солтанбекова, Абай облысы ДСБ Ана мен баланы қорғау бөлімінің басшысы
-Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының делегациясы, ҚР ДСМ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің және ДДСҰ (ВОЗ) мамандарының делегациясы
-БМСК ұйымдарының басшылары, БАҚ өкілдері және АПВ вакцинациясынан өткен қыз балалардың ата-аналары
Көтерілген маңызды мәселелер:
Ведомствоаралық ынтымақтастықты дамыту, халықтың хабардарлығын арттыру, мифтерге сенбеу, оларды жеңіп шығу, екпеден бас тартпау, діни және әлеуметтік аспектілерді талқылау, профилактикалық бастамаларды ілгерілетудегі әйелдердің көшбасшылық рөлі басты назарда болды.
Форум Міндеттеме қабылдау рәсімімен аяқталды. Қатысушылар жатыр мойны обырымен күресу және болашақ ұрпақтың денсаулығын сақтау миссиясын қолдау үшін символдық тақтаға қолтаңбаларын қалдырды.