Тері қатерлі ісігінің алдын алу айлығы, және «Стоп-меланома» меланомасы туралы хабардар болу апталығы аясында Орталығымыздың мамандары «Семей» медициналық колледжінің студенттеріне арналған оқыту семинарын өткізді. Дәрісті күндізгі стационар меңгерушісі, көп жылдық тәжірибесі бар радиолог -дәрігер Наталья Юрьевна Карнакова өткізді.
Кездесу барысында тері қатерлі ісігі мен меланоманың маңызды аспектілері, соның ішінде қатерлі ісік тудыратын себептер, алдын алу, диагностикалау және емдеу әдістері талқыланды.
Өкінішке орай, терінің қатерлі ісіктері жалпы қатерлі ісік құрылымында жиі кездеседі. Сонымен қатар, олар визуалды қол жетімді локализациялардың қатарына да жатады. Яғни, онкологиялық процестер пациенттің ағсасында емес, теріде жүреді, сондықтан оларды диагностиканың жоғары технологиялық әдістеріне жүгінбестен ерте анықтауға болады. «Семей» медициналық колледжінің студенттері-жақын арада оқуды аяқтағаннан кейін әртүрлі медициналық ұйымдарда, оның ішінде тексеру кабинеттерінде клиникалық практикаларын жүргізетін болашақ мамандар. Алынған білім болашақ мамандар үшін құнды тәжірибе болып, медициналық көмектің сапасын жақсартуға өз үлесін қосады деп сенеміз.