Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының ядролық медицина және онкология орталығы
Орталығмыздың мобильді бригадасы аймақтарда жұмысын жалғастыруда. Басты мақсат – шалғай ауыл тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету және онкологиялық ауруларды ерте кезеңде анықтау. Бригаданың құрамына онкологиялық қызметтің түрлі бағыттарындағы бейінді мамандар мен УДЗ-диагностик мамандары кіреді. Іссапар барысында Орталықтың онкологтары аудандық ауруханалар медицина қызметкерлеріне ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсетіп, сонымен қатар қарап-тексеру кабинеттерінің мамандарына көзге көрінетін онкологиялық ауруларды ерте анықтау бойынша оқыту семинарлары өткізіледі. Семинар аясында аймақта тіркелген онкологиялық аурулардың асқынған жағдайлары мен онкоқырағылықтың маңызды аспектілері талқыланады.
Аймақтарға жасалатын іссапарлардың маңызды бағыттарының бірі – шалғай елді мекен тұрғындарына кеңес беру. Мысалы, осы күндері Орталықтың онкологтары Бесқарағай ауданы мен Курчатов қаласының тұрғындарын тексеруден өткізді.
Бесқарағай ауданында 30-дан астам тұрғын тексеруден өтті, онкологтар оннан астам түрлі патологияны анықтады, оның ішінде бір жағдайда онкологиялық ауруға күдік бар.
Курчатов қаласында мобильді бригада 50-ге жуық тұрғынды тексерді, 7 адамда онкологияға күдік анықталды.
Анықталған барлық аурулар бойынша ұсыныстар берілді, ал онкологияға күдік туындаған науқастар біздің Орталыққа қосымша тексеруге жіберілді.