Осы аптада Орталығымыздың мобильді бригадасы өңірлерде өз жұмысын қайта жалғастыруда. Оның басты мақсаты – шалғай ауыл тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ онкологиялық патологияларды ерте анықтау болды. Мобильді бригаданың құрамына онкологиялық қызметтің әртүрлі бағыттарының бейінді мамандары, сондай-ақ ультрадыбыстық зерттеу мамандары кірді.
Алғашқылардың қатарында мобильді бригада Бородулиха ауданында өз жұмысын атқарды. Осында Орталық мамандары аудандық ауруханалардың медицина қызметкерлеріне әдістемелік- ұйымдастырушылық көмек көрсетті, оның ішінде көзге көрінеу қолжетімді локализацияларды ерте анықтау бойынша қарап-тексеру кабинеттерінің мамандарына оқыту семинарлары өткізілді. Семинар барысында өңірде тіркелген асқынған қатерлі ісік аурулары, факультативтік және облигаттық патологияларды анықтау кезінде Ядролық медицина және онкология орталығына жолдаманың логистикасын жақсарту мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ аудан тұрғындарына консультациялар мен қарап-тексерулер өткізілді. Жалпы, 40-тан астам ауыл тұрғыны тексеруден өтті. Оның нәтижелері бойынша қатерлі ісікке дейінгі 6 жағдай анықталды, пункциялық биопсиялар, онкоцитологияға материалдар алынды.
Бородулиханың орталық аудандық ауруханасында эндоскопиялық кабинеттің жұмысы жолға қойылған, оның тиімділігін жақсарту үшін біздің Орталықтың базасында дәрігер эндоскопистің оқуы жоспарланған.