Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының ядролық медицина және онкология орталығы
Биыл біз Ұлы Жеңістің 80 жылдығын- сынды тарихи әрі маңызды датаны атап өтудеміз. Осы ұлық мереке қарсаңында Абай облыстық мәслихатының депутаты Саят Танатаров еңбек ардагері Күлзай Мергенбаева апамыздың шаңырағына арнайы барып, құрмет көрсетті.
Жеңіс күні – адамзат тарихындағы ең ұлы оқиғалардың бірі. Бұл күннің жақындауы үшін миллиондаған адам фашизмге қарсы күресте жан аямай еңбек етті. Тек майданда ғана емес, тылда да аянбай тер төгіп, майданның қажеті үшін барын салды. Көптеген зауыттар мен фабрикаларда, колхоздарда тіпті балалар да еңбек етті, себебі ер-азаматтар барлығы майдан даласына жаумен шайқасқа аттанды. Сол тыл еңбеккерлерінің бірі – Күлзай Мергенбаева.
Кездесу барысында Абай облыстық мәслихатының депутаты Саят Танатаров Күлзай Мергенбаеваға адал еңбегі мен Ұлы Жеңіске қосқан өлшеусіз үлесі үшін шынайы ризашылығын білдіріп, Мемлекет Басшысының атынан «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерейтойлық медалін табыс етті.
Өзі де басқа мемлекеттердің аумағындағы әскери қимылдардың ардагері болып табылатын Саят Замамбекұлы тыл еңбеккерлерінің ерлігі – ортақ Жеңістің маңызды әрі ажырамас бөлігі екенін атап өтіп, олардың табандылығы мен еңбекқорлығы шексіз құрметке лайық екенін айтты.
– Сіздердің тылдағы жанқиярлық еңбектеріңіздің арқасында майдан бар қажеттілікпен қамтамасыз етілді. Сіздердің үлестеріңіз – біз әрқашан есте сақтап, құрметпен еске алуға тиіс Ұлы тарихтың бір бөлшегі, – деді Саят Танатаров.