Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының ядролық медицина және онкология орталығы
Бүгін Ядролық медицина және онкология орталығының базасында аймақтық емханалардың алғашқы буындағы медициналық персоналдарына арнаулы тексеру кабинеттерінің жұмысын жетілдіру және көзге көрінеу қолжетімді локализациялардағы қатерлі ісіктердің кеш сатында анықталу көрсеткіштерін төмендету бойынша оқыту семинары өтті.
Оқытуды емхана меңгерушісі, онкохирург дәрігер Айбек Садықов және күндізгі стационардың меңгерушісі, радиолог дәрігер Наталья Карнакова жүргізді. Семинар барысында онкоқырағылықты арттырудың, оның ішінде қатерлі ісікті ерте сатысында анықтауда бастапқы буын дәрігерлерінің, арнаулы тексеру кабинеттері жұмысының маңыздылығы, көзге көрінеу қолжетімді локализациялардағы қатерлі ісіктердің түрлері мен ерекшеліктері, пациенттерді тексеру алгоритмдері және т.б. өзекті мәселелері талқыланды.
Ерте анықталған дерттер, әсіресе онкологиялық аурулар – пациенттің денсаулығына аз зақым келтіріп, тиімдірек емделеді. Сондықтан онкоқырағылық қатерлі ісікпен күресте ең маңызды басымдықтардың бірі болып табылады. Осы мәселелердің барлығын талқылай отырып, онкологтар арнаулы тексеру кабинеттерінің мамандарын ғана емес, пациенттерді де оз денсаулықтарына қырағы болуға шақырды.