Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының ядролық медицина және онкология орталығы

27-28 наурызда Семей қаласының «Мектеп жанындағы интернаты бар № 42 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-да Жәкула Күшікұлы атындағы химия және биология пәндерінен III аймақтық олимпиада өтті. Олимпиадаға Абай және Шығыс Қазақстан облыстарынан 9-10 сынып оқушылары қатысты. Бұл шара жыл сайын Өскемен қаласында өтетін, бірақ биыл алғаш рет Семейде ұйымдастырылды.

Олимпиаданы «Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қоры» ұйымдастырды. Қор Абай облысының денсаулық сақтау басқармасының Ядролық медицина және онкология орталығымен көп жылдан бері ынтымақтастықта жұмыс істеп келеді. Қайырымдылық қоры орталыққа заманауи жабдықтар сыйлап, онкологиялық ауруларға шалдыққан науқастарға көмек көрсетуде. Бүгінгі күні қор 50 миллион теңгеден артық тегін көмек көрсетті.

Олимпиаданың жабылу салтанатына ЯМО орталығының директоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор С.З. Таңатаров қатысып, жеңімпаздарды құттықтап, марапаттауға қатысты. Ол оқушыларға бұл олимпиаданың үлкен қолдау және ынталандыру екенін айтып, болашақта биік жетістіктер тіледі.

Жеңімпаздар:

  • III орын: диплом, медаль және 30 000 теңге сыйлық

  • II орын: 80 000 теңге ақшалай сыйлық

  • I орын: 150 000 теңге ақшалай сыйлық

Қор директоры Гүлнар Сейдолла ЯМО орталығының директорына өз ризашылығын білдірді.

#Олимпиада #Білім #Семей #ЖәкулаКүшікұлы #ҚайырымдылықҚоры #ЯдролықМедицина #Онкология #АбайОблысы