Құрметті достар! Міне, баршамызға сүйікті көктем мерекесі 8 наурыз да келіп жетті. Жыл сайын тамаша мереке күндері біз қымбатты және сүйікті әжелерімізді, аналарымызды, әйелдерімізді, әпкелерімізді құрметтеп, ақ тілектерімізді білдіруге асығамыз! Осы көптен күткен мереке қарсаңында Ядролық медицина және онкология орталығында салтанатты іс-шара өтті, бұл күні біздің қымбатты әріптестеріміз құттықтау сөздер мен ізгі тілектерімізді қабыл адады!
Салтанатты шараны Орталығымыздың директоры, м. ғ. д., профессор Саят Таңатаров құттықтау сөзімен ашты! Өз сөзінде әйелдердің отбасылық, мәдени құндылықтарды сақтауға, қоғамдағы достық пен өзара түсіністікті нығайтуға қосқан ерекше үлесін атап өтті, сондай-ақ өңірдің онкологиялық қызметінің жұмысындағы ерекше маңыздылығы да аталды.
«Біздің ұжымның барлық ерлер атынан сіздерді алдағы Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын. Баршаңызға отбасылық амандық, мол бақыт, көктемгі көңіл-күй, қуаныш және зор денсаулық тілеймін», – деді Саят Таңатаров әріптестеріне!
Салтанатты іс-шара барысында директордың медициналық бөлім және медициналық қызметтер сапасын бақылау жөніндегі орынбасары Баян Бекетова, паллиативтік терапия бөлімшесінің меңгерушісі Ғабиден Рахымжанов, емхана меңгерушісі Айбек Садықов және онколог дәрігер, химиотерапевт Нұрбол Елемесов те құттықтау сөз сөйледі. Салтанатты іс-шараны жарқын және әсем концерттік бағдарлама қорытындылады!