Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының ядролық медицина және онкология орталығы

Құрметті достар! Наурыз айы бойы біздің Орталығымызда колоректальды қатерлі ісіктің алдын алу және хабардарлықты арттыру айлығы өтеді. Осы уақыт ішінде біздің онкологтарымыз колоректальды қатерлі ісіктің ерекшеліктері, оның ішінде алдын алу, ерте диагностика және емдеу әдістері туралы айтатын болады. Айлықтың тағы бір тақырыбы – адам папилломавирусының алдын алу. Сонымен қатар наурыз айында Орталығымызда кезекті Ашық есік күні өтеді деп жоспарлануда, оның барысында кез келген адам алдын ала жазылусыз, дәрігердің жолдамасынсыз біздің онкологтардан тегін кеңес алып, кешенді тексеруден өте алады. Іс-шараның күнін кейінірек әлеуметтік желілердегі парақшаларымызда хабарлайтын боламыз. Сондықтан біздің жаңалықтарымызды қадағалап отыруды ұмытпаңыздар және пайдалы сілтемелермен бөлісуді сұраймыз.