Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының ядролық медицина және онкология орталығы

Ядролық медицина және онкология орталығында химиотерапевтерге арналған семинар өтті. Онда дәрігерлер онкологиялық ауруларды емдеудің заманауи тәсілдерін талқылады. Дәріскер ретінде еліміздің басқа қалаларынан мамандар шақырылды. Павлодар қаласының облыстық онкологиялық диспансерінің химиотерапия бөлімшесінің меңгерушісі Еркін Дүйсенбинов МЖЛ-дың заманауи терапиясы туралы айтып берді. Өскемен қаласының онкология және хирургия Орталығының химиотерапия бөлімшесінің онкологы Әлия Тюленева «Аналық без обырын емдеудегі жаңа тәсілдер» тақырыбында баяндама жасады. Өскемен қаласының онкология және хирургия Орталығының химиотерапия бөлімінің меңгерушісі Гүлжанат Қайдарова аналық бездің қайталама эпителиалды қатерлі ісігі барысындағы демеуші терапияның заманауи мүмкіндіктері туралы айтып берді.