Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының ядролық медицина және онкология орталығы
Бүгін Ядролық медицина және онкология орталығында өткен 2024 жылдың қорытындысы бойынша Абай облысының онкологиялық қызметінің Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.
Отырыс барысында онкологтардың 2024 жылдағы жұмысының қорытындысы шығарылды, оның ішінде өңірдегі қатерлі ісіктердің аурушаңдық көрсеткіштері, ерте анықталу көрсеткіштері, сондай-ақ онкологиялық аурулардың асқыну жағдайлары айтылды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы қатерлі ісікке қарсы күрестің 2023-2027 жылдарға арналған Кешенді жоспарының маңызды индикаторларын орындау көрсеткіштері талқыланды.
Өткен жылдың жұмысын қорытындылай келе, ең тиімді жұмыс нәтижесін көрсеткен өңірдің үздік медициналық ұйымдары мен онкологтарына алғыс хаттар табыс етілді.
Сонымен қатар, онкологиялық аурулардың ерте анықталуын жақсартуға және қатерлі ісіктердің асқыну жағдайларын азайтуға бағытталған өңірдің онкологиялық қызметін дамыту перспективалары талқыланды.