Осы аптада Ядролық медицина және онкология орталығында есеп беру жиындары өтуде, онда Орталықтың барлық бөлім меңгерушілері және құрылымдық бөлімше жетекшілері 2024 жылы атқарылған жұмыстарын қорытындылады. Жиын барысында өңірдің онкологиялық қызметіндегі жұмыстардың негізгі аспектілері, оның ішінде Абай облысы бойынша онкологиямен сырқаттанушылық көрсеткіштері, қатерлі ісікті ерте анықтау, қатерлі ісіктердің асқынған жағдайларын азайту бойынша жұмыстар талқыланды. Өңірдің онкологиялық қызметінің мәселелері мен даму перспективалары да айтылды.