26 желтоқсаннан бастап «Ядролық медицина және онкология орталығы» ШЖҚ КМК директоры лауазымына м.ғ.д., профессор Саят Таңатаров тағайындалды. Жаңа тағайындалу туралы бүгін ұжыммен кездесу барысында облыстың денсаулық сақтау басқармасының басшысы Талғат Молдабеков мәлімдеді.
Конкурстық рәсімдердің қорытындысы бойынша, «Ядролық медицина және онкология орталығы» ШЖҚ КМК Байқау кеңесінің 2024 жылғы 23 желтоқсандағы №13 хаттама шешіміне сәйкес, ҚР Еңбек кодексінің 32,34-баптарына сәйкес, 2024 жылғы 25 желтоқсандағы №94 ЖҚ АО ДСБ басшысының бұйрығымен, 26 желтоқсаннан бастап «Ядролық медицина және онкология орталығы» ШЖҚ КМК директоры лауазымына м.ғ.д., Саят Таңатаров тағайындалды. Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Талғат Молдабеков жаңа тағайындауды жариялап, орталыққа жемісті жұмыс пен үлкен табыстар тіледі.
«Құрметті әріптестер, Орталық біздің облысымыз үшін ғана емес, жалпы еліміз үшін де үлкен маңызға ие, өйткені мұнда диагностика мен емдеудің бірегей әдістері енгізілген. Жылдан жылға Орталық өз мүмкіндіктерін тек кеңейтіп келеді. Саят Замамбекұлының басшылығымен Орталық бұл үрдісті жалғастыратынына сенімдімін. Бүкіл ұжымға табыс пен жаңа жетістіктер тілеймін. Алдағы мерекелеріңізбен», – деді Талғат Молдабеков өзінің құттықтау сөзінде.
Орталық директоры лауазымына тағайындалған Саят Таңатаров та құттықтау сөз сөйледі.
«Құрметті әріптестер, бірінші кезекте облыс және денсаулық сақтау басқармасының басшылығына сенім артқаны үшін алғыс білдіргім келеді. Орталықтағы береке-бірлігі мықты ұжымның, қабілетті, іскер мамандардың қол жеткізген жетістіктері көп, оларды бірлескен күш-жігердің арқасында оларды арттыратынымызға сенімдімін. Алда көптеген жоспарлар, міндеттер тұр, сондықтан біртұтас, ұйымшыл ұжым болып қоғам мен азаматтарымыздың игілігі үшін жұмыс істеуіміз қажет. Баршаңызға сәттілік тілеймін, келе жатқан жаңа жылдарыңызбен», – деді Саят Таңатаров.
Танатаров Саят Замамбекұлы-медицина ғылымдарының докторы, «СМУ» КеАҚ профессоры. Жоғары біліктілік санатындағы денсаулық сақтау менеджері, жоғары біліктілік санатындағы денсаулық сақтау ісін ұйымдастырушы, жоғары біліктілік санатындағы дәрігер анестезиолог–реаниматолог.
1996-2002 жылдары Семей қаласының онкологиялық диспансерінде дәрігер анестезиолог-реаниматолог болып жұмыс істеді. 2002 жылдан 2013 жылға дейін анестезиология және реанимация бөлімін басқарды. 2013 жылы Көкпекті ауданының ауданаралық ауруханасының бас дәрігері болып тағайындалды. 2014-2024 жылдары Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғары медициналық колледжінің директоры болып жұмыс істеді. 2024 жылдың желтоқсанында «Ядролық медицина және онкология орталығы» ШЖҚ КМК директоры болып тағайындалды.
Көптеген ғылыми еңбектердің, мақалалар мен жарияланымдардың, әдістемелік құралдардың, 4 рационализаторлық ұсыныстардың авторы.
Денсаулық сақтаудағы көпжылдық және жемісті клиникалық, ғылыми, ұйымдастырушылық қызметі үшін бірқатар мемлекеттік марапаттармен, оның ішінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, ҚР Білім Министрлігінің, Денсаулық сақтау басқармасының медальдарымен және грамоталарымен марапатталған.