Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының ядролық медицина және онкология орталығы
Құрметті достар! Желтоқсан айы бойы біздің Орталығымызда асқазан мен бауырдың қатерлі ісіктері туралы хабардар болу айы өтуде. Олай болса, осы мақалада біз В гепатиті сияқты қауіпті вирустық жұқпалы ауру туралы айтқымыз келеді. Атап өткендей, В гепатиті — бауырды зақымдайтын, В гепатиті вирусы (HBV) тудыратын жұқпалы ауру. Ол адамның қаны және басқа биологиялық сұйықтықтары арқылы беріледі. Ауру жедел және созылмалы түрінде болуы мүмкін, ауыр жағдайларда циррозға немесе бауырдың қатерлі ісігіне әкеледі.
В гепатитінің ең жиі кездесетің белгілерінің ішінде -тәбеттің төмендеуі, жүрек айнуы мен құсу, іштегі ауырсынулар, бауырдың ұлғаюы, сонымен қатар тері мен көздің сарғаюы. Кейбір адамдарда ауру айқын белгілерсіз болуы мүмкін, әсіресе бастапқы сатыда, бірақ оның өзінде олар вирусты таратушы болып қалуы және вирусты басқаларға жұқтыруы мүмкін.
В гепатиті инфекцияның алдын алуға болатын вирустық аурулардың бірі болып табылады. Вакцинация-бұл аурудың алдын-алудың негізгі құралы және цирроз бен бауырдың қатерлі ісігі сияқты ауыр зардаптардың алдын алуға көмектеседі. Вакцина салу вирус организмге түскен жағдайда онымен күресетін антиденелерді шығаруға иммундық жүйені ынталандырады.
Екпе әдетте үш кезеңде жасалады. Вакцинация туылғаннан кейінгі алғашқы 24 сағатта басталады, содан кейін 1 және 6 айдан кейін қайталанады. Алайда, егер қандай да бір себептермен адам балалық шақта екпе алмаған болса, вакцинацияны кез-келген жаста жасауға болады.
Вакцинация алу ұсынылатын негізгі топтар – жаңа туған нәрестелер, денсаулық сақтау мамандары және биологиялық сұйықтықтармен жұмыс жасайтын адамдар, қанмен байланысу қаупіне байланысты операциялар немесе процедураларды жоспарлайтын адамдар және созылмалы бауыр немесе бүйрек аурулары бар адамдар.