Қазақстан Тәуелсіздігінің 33 жылдығы қарсаңында бүгін Орталығымызда салтанатты іс-шара өтті. Кездесу барысында Тәуелсіз мемлекетіміздің маңызды жетістіктері, сондай-ақ ел мен қоғамның алдында тұрған міндеттер айтылды. Салтанатты іс-шараны аша отырып, Орталық директорының міндетін атқарушы Баян Бекетова құттықтау сөз сөйледі. «Құрметті әріптестер! Сіздерді Отанымыздың Тәуелсіздігінің 33 жылдығымен құттықтаймын! Бұл мереке біздің көпұлтты халқымыздың бостандыққа, бірлікке деген ұмтылысын білдіреді. Сонымен қатар, бүкіл қоғам болашақ ұрпақтың алдында жауапты екендігін де ұмытпау керек. Құрметті әріптестер, сіздер әрқайсыларыңыз игі істеріңізбен еліміздің өркендеуіне үлес қосып, мамандықтарыңызға адал болып, табандылық танытып, пациенттердің денсаулығы мен әл-ауқатын қорғау, нығайту жолында елеулі еңбек етіп жатырсыздар! Осындай республикамыздың ерекше айтулы мерекесі қарсаңында бірлігімізді сақтап, әрқашан бір-бірімізге қолдау көрсетіп, медициналық көмек сапасының жаңа биіктеріне ұмтылайық дегім келеді. Біздің елімізге, отанымызға бейбітшілік пен өркендеу тілеймін!»,- деді Баян Бейсенғалиқызы.
Сондай-ақ, салтанатты шара барысында мерекелік концерттік бағдарлама да ұсынылды.