Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының ядролық медицина және онкология орталығы
Химиотерапия бөлімінің меңгерушісі Елемесов Нұрбол Нұрбекұлы «Асқазанның таралып кеткен метастазды қатерлі ісігінің HER2 ген гиперэкспрессиясын емдеуде, сондай-ақ сүт безі қатерлі ісігінде HER2 гиперэкспрессясында трастузумабты қолдану» тақырыбында баяндама жасады. Дәрігер-химиотерапевт Астаева Айгүл Болатбекқызы «Трастузумаб сүт безі қатерлі ісігінің метастазын емдеуде» тақырыбында баяндама ұсынды. Дәрігер-химиотерапевт Құмарова Гүлназ Құдайбергенқызы «Ритуксимаб таргетті препаратын мантилі-жасушалы лимфоманы емдеудің 1 желісінде қолдану» тақырыбында клиникалық жағдайды ұсынды.
Сонымен, дөңгелек үстел онкологиялық ауруға шалдыққан пациенттерге жоғары білікті медициналық көмекті дамытудың тағы бір қадамы болды.