Біздің орталықтың жетекші мамандары медициналық көмек көрсету сапасын арттыру үшін Қазақстанның, сондай-ақ жақын және алыс шет елдердің жетекші ғылыми және клиникалық орталықтарында оқудан өтуде. Осылайга өткен айда бірқатар мамандар Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында біліктілікті арттыру курстарын аяқтады.
Онкохирург Зәуре Жанабилова «Бауыр, ұйқы безі, ішек ісіктерінің аурулары» курсы бойынша оқуды аяқтады. Әлеуметтік қызметкер Теңлік Баттакова – «Амбулатрлық деңгейде онкологиялық науқастарға паллиативтік көмек көрсету мәселелері» циклі бойынша оқудан өтті.
Оқу курстарынан өту – әрқашан жаңа білім, демек, жаңа мүмкіндіктер. Біз әріптестерімізге сәттілік пен үлкен жетістіктер тілейміз.