Осы сенбіде Орталығымызда өкпе, ұйқы безі және простата обыры туралы хабардарлықты арттыруға және ерте анықтауға бағытталған кезекті Ашық есік күні өтті.
Бұл күні онкологтармен кеңесуден басқа, кешенді тексерулер жүргізілді. Ашық есік күнінің қорытындысы бойынша пациенттердің ешқайсысына онкологиялық ауру немесе қатерлі ісікке күдікті диагнозы да қойылмағанын атап өткіміз келеді, алайда дәрігерлер көптеген басқа ауруларды анықтады, мысалы, 16 пациентте созылмалы бронхит, 8 пациентте панкреатит және бір пациентте бауыр кистасы диагнозы қойылды. Барлық анықталған дерттер бойынша пациенттерге ұсыныстар берілді.