Біздің Орталықтың маңызды бағыттарының бірі – мамандарымыздың біліктілігін, білімі мен тәжірибесін үздіксіз арттыру. Бұл бағытта біздің жетекші серіктестеріміздің бірі Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты болып табылады, ол түрлі оқыту семинарларын, мастер-класстар мен форумдарды өткізу үшін тиімді алаңға айналды.
ҚазОРҒЗИ-де «Асқазан-ішек скринингіндегі заманауи эндоскопиялық технологиялар» бағдарламасымен біліктілікті арттыру циклі бойынша Орталықтың дәрігер-онкологы Насибуллин Едил Рафаилұлы оқытудан өтті.
Біз Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының әріптестеріне жемісті ынтымақтастық, тәжірибе және білім алмасқан үшін алғысымызды білдіреміз.