Шәкәрім атындағы №5 көпсалалы гимназияның оқушыларымен және олардың ата-аналарымен кездесу өтті. Кездесу барысында сүт безі обырының ерекшеліктері, алдын алу, диагностикалау және емдеу шаралары талқыланды. Сондай-ақ, кездесу барысында өзін-өзі диагностикалау әдістері мен сүт безі обырын ерте анықтауға бағытталған скринингтік бағдарламаларға ерекше назар аударылды.
Айта кету керек, қазіргі уақытта сүт безі обыры Абай облысында да, Қазақстанда да, жалпы әлемде де кең таралған онкологиялық аурулардың бірі болып табылады. Сүт безі қатерлі ісігімен күресудің ең тиімді әдістерінің бірі-скринингтік тексерулерден уақтылы өту.