Сүт безі обыры-біздің өңірде де, Қазақстанда да, жалпы әлемде де кең таралған онкологиялық аурулардың бірі. Осы шығарылымда біз пайда болған жағжайда елемеусіз қалдыруға болмайтын дерттің алғашқы белгілері туралы айтқымыз келеді.
Сонымен, егер сіз кеудеде немесе қолтықта түйіршіктер пайда болғанын анықтасаңыз, омырауда терісінің тартылуын, кеуде мөлшерінің, пішінінің немесе тығыздығының өзгеруін байқасаңыз, және омыраудан қан пайда болса-бұл дәрігерге қаралуға айқын себеп екенін ұмытпаңыздар! Достар, денсаулыққа қатысты кездерде керекті шараларды колдануды кейінге қалдырмаңыздар! Аман сау болыңыздар!