Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының ядролық медицина және онкология орталығы

Сапалы және қолжетімді онкологиялық көмекпен қамтамасыз ету – біздің Орталықтың басым міндеті болып табылады. Осы мақсатты іске асыру үшін көптеген шаралар қолданылмақ, оның бірі – шалғай аудандардың тұрғындарына арналған көшпелі мобильді бригадалар. Көшпелі жұмыс кезінде дәрігерлер денсаулық сақтаудың әртүрлі бағыттары бойынша тексерулер мен консультациялар жүргізеді. Бұл күндері көшпелі мобильді бригада Ақсуат ауданының тұрғындарына, оның ішінде Құмкөл және Көкжыра ауылдарында қабылдау өткізді. Барлығы 180-ден астам адам тексеруден өтті. Дәрігерлер көптеген түрлі патологияларды, соның ішінде қатерлі ісікке күдікті жиырмаға жуық жағдайдарды анықтады.