Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының ядролық медицина және онкология орталығы

Бүгін Алматыда Best of ASCO Kazakhstan 2024 атты Халықаралық Конференциясы басталды. Іс-шараға спикерлер ретінде белгілі халықаралық және отандық сарапшыларды шақырдық. Саммит жұмысына біздің Орталығымыздың директоры Татьяна Белихина да қатысуда.
Best of ASCO Kazakhstan ресми лицензияланған бағдарлама, онкология саласындағы соңғы жаңартулар мен ақпараттармен алмасуға бағытталған халықаралық және ұлттық сарапшыларды, саясаткерлерді, ғалымдарды, медицина қызметкерлерін біріктіретін бірегей іс-шара болып табылады.
Саммиттің жұмысы 29 және 30 тамыз – екі күнге созылады, осы күндері өкпе, ұйқы безі және колоректальды қатерлі ісік, сүт безі және гинекологиялық қатерлі ісік ауруларын диагностикалау мен емдеудегі зерттеулерге, сондай-ақ озық жетістіктерге арналған баяндамалар ұсынылады. Айта кету керек, Best of ASCO Kazakhstan – тәжірибе алмасу, қатерлі ісікті диагностикалау мен емдеудің озық әдістемелерін енгізу, сондай-ақ Қазақстанның, жақын және алыс шет елдердің жетекші сарапшыларымен, ғылыми орталықтарымен ынтымақтастықты жолға қоюдағы маңызды алаң болып табылады.