ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақстанда қатерлі ісікке қарсы жаңа дәрі-дәрмекті тестілеу туралы айтты. Клиникалық сынақтардың бірінші кезеңі Алматыдағы радиология институтында өтті. Сынақтар қатерлі ісіктің ауыр түрі — тоқ ішектің қатерлі ісігі бар 15 онкологиялық науқастың қатысуымен өтті. Министрдің айтуынша, нәтижелер жігерлендіреді.
«Тестілеудің бірінші кезеңі өте жігерлендіретін нәтижелер көрсетті. Біз қатерлі ісіктің соңғы сатысында өте агрессивті түрін таңдадық. Ісік орта есеппен 30% – ға қысқарды. Қазір біз деректерді өңдеп жатырмыз. Қазіргі біздің басты міндетіміз қатерлі ісіктің барлық түрлерінде жаппай тестілеу. Олар Астана, Алматы, Павлодар қалаларында өтеді. Нәтижелері бойынша, біз барлық деректерді өңдеген кезде, дәрі-дәрмекті тіркеуге жұмыстарын бастаймыз», – деді министр Үкіметтегі брифингте.
Кәзіргі уақытта денсаулық сақтау Министрлігі мен жоғары білім Министрлігінің қызметкерлері арнайы жұмыс тобын құрды. 1 шілдеден бастап тестілеудің екінші кезеңі басталды. Зерттеудің осы кезеңінде тағы үш мыңға жуық адам сынақтан өтеді деп жоспарлануда. Өтіп жатқан тестілеулерге барлығы бес мыңнан астам онкологиялық науқастар жазылды.
«Олардың барлығы еріктілер ретінде екінші кезеңдегі сынақтарды бастайды. Осы іске шамамен екі млрд теңге қарастырылған. Олар тамыз айында біздің зерттеу тобымызға түседі», – деді Саясат Нұрбек.