Абай облысы ДСБ “Ядролық медицина және онкология орталығының” басшысы С. З. Таңатаров бүгін аудандық онкологтармен кездесу өткізді. Кездесу барысында ағымдағы жылдың 5 айының қорытындысы бойынша облыстың онкологиялық қызметі жайлы жағдай талқыланды. Басшы, өкінішке орай, көрнетін қол жетімді локализацияның өсіп келе жатқан жоғары пайызына ерекше назар аударды. Аудандық онкологтар өз кезегінде кездесуге ризашылықтарын білдіріп, ауыл тұрғындарына онкологиялық көмекті жақсарту бойынша өз ұсыныстарын білдірді.