Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының ядролық медицина және онкология орталығы

Абай облысына ресми сапары аясында бүгін Ирландияның «Дело больше, чем Чернобыль» қайырымдылық қорының басшысы Фиона Коркоран Ядролық медицина және онкология орталығының жұмысымен танысты.
Сапар барысында Ирландиядан келген серіктесіміз бірқатар бөлімше пациенттерімен кездесті. Сондай-ақ, Орталығымыздағы онкологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеуде қолданылатын ядролық медицинаның мүмкіндіктерімен танысты.
Тағы бір айта кететіні, Ирландияның «Дело больше, чем Чернобыль» қайырымдылық қорының және жеке Фиона Коркоран ханымның игі істерімен Семейліктер бұрыннан таныс. Аталған қор 25 жылдан астам уақыт бойы біздің өңірде қайырымдылық көмек көрсетіп келеді. Мысалы, Қордың қаржылай қолдауының арқасында кезінде Семейде 30 орындық хоспис ашылған еді.
Біздің облыста шетелдік қонақтардың жұмыс сапары шамамен бір аптаға созылмақ. Осы уақыт ішінде өңіріміздегі бірқатар мәдени нысандармен танысу, әлеуметтік, білім беру мекемелеріне іс-сапарлары және қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен, сондай-ақ Семей ядролық полигонындағы сынақтарынан зардап шеккендермен де кездесулер өткізу жоспарланған.