Бүгін Алматыда «ОнкоРенессанс-2024» атты медициналық онкологтардың бірінші халықаралық ғылыми-практикалық мектебі өз жұмысын бастады. Іс-шара ҚР онкологтар қауымдастығы және Қазақ онкология және радиология ҒЗИ-ның медициналық онкологтар мектебінің ұйымдастыруымен өтуде.
«ОнкоРенессанс-2024»-ке Қазақстанның онколог-дәрігерлері, химиотерапевтер, хирургтар, рентгенологтар және АҚШ, Ресей, Италия, Франция, Испания, Латвия, Түркия, Қытай, Грузия, Беларусь пен Әзірбайжаннан келген спикерлер қатысуда. Біздің орталықтан ғылыми-практикалық мектебі жұмысына мамандандырылған медициналық байқау бөлімшесінің меңгерушісі Айбек Садықов, химиотерапия бөлімшесінің меңгерушісі Нұрбол Елемесов, радиациялық онколог Азалия Есенгари, онкогинеколог Әсем Чалдбыбаева, онколог дәрігер Кирилл Дьяконов, сондай-ақ патологоанатом дәрігер Маржан Букатова қатысып отыр.
«ОнкоРенессанс-2024» медициналық онкологтардың бірінші халықаралық ғылыми-практикалық мектебі өз жұмысын екі күн – 17-18 мамыр аралығында жүргізетін болады. Іс-шара бағдарламасы онкологияның бес бағытын қамтиды: өкпе обыры, сүт безі обыры, онкоурология мектебі, меланомалар және ісікке қарсы дәрілік терапияны басқару. Қатысушылар отандық және шетелдік сарапшылардан сүт безі қатерлі ісігінің Oncotype DX диагнозы туралы, онкологиядағы молекулярлы-генетикалық диагностика, сәулелік және таргетті терапияның заманауи әдістері, химиотерапиядағы басқару принциптері және онкологиядағы ғылыми жаңалықтар туралы кең ақпарат алатын болады.
Іс-шара барысында онкологиядағы практикалық және ғылыми қызметтің нәтижелері айтылып, пікірталастар мен тәжірибе алмасу да жоспарланған.