Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының ядролық медицина және онкология орталығы

Осы күндері біздің Орталықта жұмыстың әртүрлі аспектілері бойынша мамандардың біліктілігін арттыруға бағыттлған кіші медициналық қызметкерлер арасында оқыту семинарлары өтуде.
Семинар тақырыптарының бірі «Этика және деонтология» болды. Кездесу барысында әдеп Кодексінің нормалары, сондай-ақ пациенттермен жұмыс істеу кезіндегі маңызды қағидаттар мен ерекшеліктер талқыланды. Айта кету керек, Орталығымызда дәстүрлі түрде медициналық көмектің жоғары сапа стандарттарымен қатар пациенттерге деген ерекше құрмет көрсету де бұрыннан қалыптасқан.
Семинар барысында құрылғылар және медициналық қалдықтардың түрлерімен жұмыс істеу кезіндегі персоналдың қауіпсіздік шаралары мен ерекшеліктері талқыланды.