Уақыт бір орында тұрмайды, заманауи медицина да дамып, науқастарды диагностикалау мен емдеудің тиімділігін бірнеше есе арттыратын озық инновацияларды енгізуге мүмкіндік береді. Осындай соңғы уақыттарда клиникада кеуде хирургиясының дамуына үлкен әсер етіп, кеңінен қолданылып келетін біздің орталықтың хирургиясындағы инновациялық әдістердің бірі -эндоскопиялық технология (VATS) болды. Эндоскопиялық технологияның (VATS) негізгі артықшылықтары – оталардан кейінгі науқастың өмір сүру сапасын жақсарту және әртүрлі асқынуларды азайту мүмкіндігін қамтиды.
Торакоскопиялық хирургия (VATS) науқастарды арнайы таңдауды қажет етеді, алайда оптикалық жүйелер мен хирургиялық жабдықты жетілдірудің арқасында хирургиялық араласулар аз инвазивті және қауіпсіз болады, стандартты торакотомиядан айқын артықшылығы бар. Бұл әдістер оталардан кейінгі ауырсынудың қарқындылығын төмендетіп қана қоймайды, сонымен қатар ауруханада емдеу уақытын қысқаруға мүмкіндік береді.
Тағы бір маңызды мәселе – 70 жастан асқан науқастарда өкпенің қатерлі ісігінің әр жағдайы үшін жеке тәсіл қажет. Осы жас тобындағы өлім-жітімнің жоғары деңгейі ағымдағы болжамдық шкалаларды ескере отырып, қауіп факторларын жан-жақты бағалауды және анестезиолог пен терапевттің қатысуымен отадан кейінгі кезеңде қатар жүретін аурулардың асқынуын болдырмауды талап етеді. Осындай жағдайлардада хирургиялық емдеу туралы шешімді көпсалалы топ науқаспен және оның жақын туыстарымен оталардан кейінгі асқынулардың ықтимал қауіптерін, балама емдеу әдістерінің мүмкіндіктері мен тиімділігін егжей-тегжейлі талқылағаннан кейін қабылдайды. Хирургиялық емдеудің онкологиялық көрсеткіштерін анықтау және хирургиялық жарақат көлемін азайту маңызды аспектілер болып табылады.
Атап айтқанда, осы жылдың сәуір айында өкпенің қатерлі ісігі бар 73 жастағы науқасқа оң жақты торакоскопиялық лобэктомия жасалды. Науқаста жүрек-қан тамырлары және тыныс алу жеткіліксіздігімен қатар жүретін аурулар болған. Науқасқа торакоскопиялық лобэктомияны біздің орталықтың онкохирургтары А.З. Қанапиянов, А. А. Кабыкенов және анестезиолог Б. Б. Никомбаев жүргізді. Отаның соңғы кезеңінде емдеуді жоғары санатты терапевт Е. В. Гурская жалғастырды. Нәтижесінде науқас он күннен кейін ауруханадан аман-есен шығарылды.
Осылайша, торакоскопиялық лобэктомия салыстырмалы түрде әлдеқайда қауіпсіз хирургиялық ем екендігі қайта дәлелденді.