Семейдегі Ядролық медицина және онкология орталығында есепті кезең басталды. Бүгін өткен 2023 жылғы Ядролық медицина және онкология орталығының даму және стратегиялық жоспарлау жөніндегі жұмысының қорытындысы шығарылды. Осы бағыт бойынша орталықтың даму және стратегиялық жоспарлау жөніндегі директорының орынбасары, PhD, жоғары біліктілік санатындағы онколог дәрігер, Абай облысының штаттан тыс бас онкологы Қуантқан Жабағин атқарылған жұмыстар, жоспарлар мен перспективалар туралы баяндама жасады.
Есептік баяндамада өңірдегі қатерлі ісіктермен сырқаттанушылықтың көрсеткіштері айтылды, мысалы, өткен жылы ғана онкологиямен сырқаттанушылықтың 1650 астам жаңа жағдайы анықталды. Ерлер арасында өкпе, тері, асқазан және колоректальды қатерлі ісік жиі кездеседі. Ал әйелдер арасында көбінесе сүт безі, тері, колоректальды және жатыр мойны обыры диагнозы қойылды. Біздің облыста күн сайын орта есеппен 4 жаңа қатерлі ісік ауруы анықталады, қатерлі дерт күн сайын орта есеппен екі адамның өмірін қиып келеді. Өткен жылы алдыңғы жылдармен салыстырғанда онкологиялық аурулардың өсуі байқалады, алайда бұл ең алдымен диагностикалық процедуралардың сапасының жақсарып, ауруды ерте емнің тиімді кезеңінде анықтауымен де байланысты, – деп түсіндірді Қуантқан Жабагин. Өткен жылдың тағы бір оң көрсеткіші – онкологиялық аурулармен ауыратын науқастардың бес жылдық өмір сүруінің өсуі болды.
Сондай-ақ, есептік баяндама барысында Ядролық медицина және онкология орталығының 2023-2027 жылдарға арналған онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі Кешенді жоспарды орындауының негізгі индикаторлары қаралды. Емдеу және диагностикалық жұмыс, төсек-орын қорының жүктемесі, дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету бойынша Орталық бөлімшелерінің қызметі егжей-тегжейлі талданды. Статистикаға сәйкес, Орталықтың емдеу жұмысында өсу динамикасы байқалды, пациенттер санының артуы әсіресе мамандандырылған медициналық бақылау бөлімшесінде байқалады, бұл өз кезегінде басқа құрылымдық бөлімшелерден де көрінеді – өткен жылы жүргізілген хирургиялық оталардың, химио және сәулелі терапия курстарының, паллиативті терапияның, зертханалық және диагностикалық зерттеулердің саны өсті.
Орталықтың материалдық-техникалық базасын нығайтуға байланысты мәселелерді жеке атап өткен жөн. Қуантқан Жабағин атап өткендей, Қазақстанның онкологиялық қызметінде түбегейлі реформаларды көздейтін онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі Кешенді жоспардың арқасында алдағы бес жылда Орталықты жабдықтауды айтарлықтай жаңарту және нығайту жоспарлануда. Қазіргі заманғы емдеу-диагностикалық жабдықтардың, оның ішінде сәулелік аппараттардың 180 – ден астам атауы сатып алынбақ, сәулелі терапия, эндоскопия, операциялық блок, химиотерапия, зертхана заманауи жабдықтармен толық жаңартылады деп күтілуде. Орталықтың материалдық-техникалық базасын жаңарту бойынша өткен жылы басталған жұмыс та жалғасын табатын болады.
Өткен жылды қорытындылай отырып, Орталықтың басты жаңашылдығы мен жетістіктерін атап өтпеуге болмайды. Мәселен, Орталық базасында біздің облыс бойынша алғаш рет балаларға МРТ зерттеулері енгізілді, диагностиканың жаңа технологиясы – “күзетші” лимфа түйіндерінің сцинтиграфиясы да енгізілді. Облыста алғаш рет жұмсақ тіндердің, сүйектердің, лимфа жүйесінің қатерлі ісіктері бар пациенттерге ұзақ мерзімді химиотерапия үшін жоғары дозалы химиотерапия тәсілі енгізілді. Облыста алғаш рет асқазан мен өкпенің қатерлі ісіктері кезінде шағын инвазивті операциялардың 2 түрі енгізілді, бұл стационарлық емделудің мерзімін қысқартып, пациенттерді оңалту процестерінің жеделдеуіне ықпал етті. Үйіне барып, жағдайы ауыр онкологиялық пациенттерді тексеру және емдеу үшін жаңа мобильді топ құрылды.
Ядролық медицина саласында-натрий-фтор негізіндегі жаңа радиофармпрепаратты енгізуге мүмкіндік туды, бұл орталықтың жоғары технологиялық диагностикалық зерттеулер жүргізу мүмкіндіктерін кеңейтуге жол ашты. Алдағы жылдары орталықта қолданылатын радиофармпрепараттардың тізбесін кеңейту бойынша жұмыстар әрі қарай жалғастырылатын болады.
Орталықтың мамандары біліктілікті арттыру үшін Қазақстанның ғана емес, сонымен қатар шетелдің, соның ішінде Австралия, Швейцария, Испания, Германия, Франция, Португалия, Ресей және Әзірбайжанның алдыңғы қатарлы жетекші ғылыми және білім беру орталықтарында оқытудан өтті. Орталық алғаш рет өз қаражаты есебінен Қазақстанның озық ғылыми, ұлттық орталықтарында мамандарды оқыта бастады.
Емдеу-диагностикалық жұмыстан басқа, Орталық мамандарының, оның ішінде ядролық медицина саласындағы ғылыми зерттеулерді ұлғайту жоспарлануда. Биылғы жылы шетелдік ғылыми және клиникалық орталықтармен серіктестік байланыстарды кеңейту жалғасады. Айта кету керек, шетелдік серіктестердің арқасында біздің Орталықта көптеген әлеуметтік жобалар, соның ішінде пациенттерді психологиялық қолдауға бағытталған жобалар сәтті жүзеге асырылуда.
Осымен есеп беру кездесулері аяқталмайды. Жақын арада Орталық бөлімшелері меңгерушілерінің баяндамаларын тыңдау жоспарлануда, онда Орталықтың маңызды бағыттары мен бөлімшелерінің жылдық жұмысы егжей-тегжейлі талданатын болады.