Бүгін Ядролық медицина және онкология орталығында өңірдегі жетекші жоғары оқу орындарының басшылары мен өкілдерінің қатысуымен «Ғылым, білім және тәжірибе интеграциясы – сапалы денсаулық сақтау» атты семинар-кеңес өтті. Кездесудің негізгі мақсаты денсаулық сақтауды одан әрі дамыту, озық инновацияларды енгізу және проблемалық мәселелерді шешу үшін практикалық медицина мен білім беру саласының мүмкіндіктерін біріктіру болды.
Болашаққа көз жүгіртсек, диалог алаңы бірқатар маңызды мәселелер мен міндеттерді талқылауға мүмкіндік берген ынтымақтастықты тереңдетудің маңызды кезеңіне айналғанын атап өткен жөн. Пікірлер мен тәжірибе алмасудың мұндай механизмі баға жетпес құндылық, өйткені әрбір бағыт өз алдына жеке, мейлі ол жоғары білім болсын, ғылыми саласы болсын, практикалық денсаулық сақтау болсын, жаһандық сын-қатерлер мен заманауи талаптарға тиімді жауап беруге қабілетсіз. Білім, ғылым және тәжірибенің үштұтастығы мен бірігуінің маңыздылығын біздің Орталықтың директоры Татьяна Белихина да өзінің алғы сөзінде атап өтті.
«Ғылым білім беруді жаңа біліммен байытады, оқытудың жаңа, прогрессивті әдістерін әзірлейді, ал білім ғылымды жас кадрлармен сусындатудың қайнар көзі қызметін атқарады. Ғылыми және білім беру қызметін дамытудағы көптеген мәселелердің шешімі олардың өзара тиімді әрекеттестігіне байланысты. Қазақстан Республикасындағы ғылым мен денсаулық сақтау білімінің интеграциясының қазіргі кезеңінің негізгі міндеттері, біздің ойымызша, ғылым мен жоғары технологиялар үшін кадрлар даярлау, жетекші ЖОО-да ғылыми зерттеулерді ынталандыру, академиялық және университет ғылымының күш-жігерін осы салада шоғырландыру, Абай облысының алдыңғы қатарлы клиникаларындағы қымбат тұратын жабдықтарды бірлесе пайдалану. Білім беруді дамытудың іс жүзіндегі әдістерінің бірі ғылым мен тәжірибені интеграциялау болып табылады. Мұндай интеграция синергетикалық әсер береді және осы үштіктің барлық компоненттерінің дамуын күшейтеді», – деп қосты Татьяна Белихина.
Тиімді ынтымақтастықтың бір мысалы – біздің Орталық пен еліміздің жетекші медициналық университеті – Семей қаласының медициналық университеті арасындағы өзара әрекеттестік. Университет медицина мамандарының ұстаханасы ғана емес, сонымен қатар көптеген ғылыми жобаларда, медицина саласындағы озық жетістіктерді практикалық денсаулық сақтау саласына енгізуде сенімді серіктес болып табылады.
«Әсіресе, Ядролық медицина және онкология орталығын білім, ғылым және тәжірибенің үштұғырлығы жүзеге асырылатын біздің тамаша серіктесіміз деп айта аламын. Орталық – біздің ең ірі клиникалық базамыз, бізде көптеген бірлескен ғылыми жобалар бар. Ынтымақтастықты қалай тереңдетуге болатыны туралы әлі де көптеген жоспарлар бар. Сондықтан баршамызға жемісті жұмыс тілеймін», – деді, «Семей медицина университеті» КеАҚ басқарма басшысы, ректор, медицина ғылымдарының докторы, профессор Алтай Дюсупов өзінің құттықтау сөзінде.
Сөз кезегінде, тиімді ынтымақтастық – бірлесе жұмыс жасауға арналған бірқатар басым бағыттар туралы «Alikhan Bokeikhan University» ректоры Александр Койчубаев та айтып өтті. Бүгінгі таңда университет жасанды интеллект пен «Blockchain» технологияларын енгізу бойынша өңірде көшбасшы болып табылады.
«Бүгінгі таңда IT саласы белсенді дамып келеді және көптеген салаларда тиімді пайдаланылуда, мен оның денсаулық сақтауда да теңдессіз болатынына сенімдімін. IT және Blockchain технологиялары менеджмент пен логистикада, әсіресе фармация саласында, жоғары технологиялық құрылғылар мен технологияларды пайдалануда таптырмас құрал болады. Біз IT және Blockchain технологиясын қолдануда үлкен тәжірибе жинақтадық, біз оны серіктестермен бөлісуге қуаныштымыз», – деп атап өтті Александр Койчубаев.
Басқарма мүшесі – «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры, PhD Жанар Қалибекқызы да өз сөзінде университеттің денсаулық сақтау саласымен, оның ішінде біздің Орталықпен ынтымақтастық тәжірибесін атап өтті. Олардың қатарында медициналық физика сияқты бірлескен білім беру бағдарламалары бар.
«Біз Ядролық медицина және онкология орталығымен көп жылдар бойы ынтымақтастықтамыз, және тиімді ынтымақтастықты жалғастырғымыз келеді, оның ішінде университетіміздің базасында білім берудің барлық деңгейлеріндегі кадрларды мақсатты дайындау саласында, практик -оқытушыларды білім беру үрдісіне анағұрлым белсенді тартып, бірлескен ғылыми жобаларымыздың санын арттырғымыз келеді», – деді Жанар Қалибекқызы.
«Ғылым, білім және тәжірибе интеграциясы – сапалы денсаулық сақтау» семинар-кеңесінің жалғасы ретінде директордың даму және стратегиялық жоспарлау жөніндегі орынбасары, PhD докторы Қуантқан Жабағин ЯМОО базасында ұлттық ғылыми-тәжірибелік орталықты дамыту перспективалары туралы» баяндама жасады. PhD докторы, ассоцияланған профессор, «СМУ» КеАҚ клиникалық онкология және ядролық медицина кафедрасының меңгерушісі Лаура Пак біздің Орталық базасында ядролық медицина мамандарын даярлау саласындағы университет ынтымақтастығы нәтижелерімен бөлісті. Радионуклидті терапия бөлімінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты Баян Атантаева қалқанша без қатерлі ісігі мен тиреотоксикозды радиофармпрепараттарды қолдану арқылы емдейтін Қазақстандағы алғашқы және әзірге жалғыз бөлімнің жұмыс тәжірибесімен және клиникалық нәтижелерімен бөлісті. Семинар-кеңестің қорытындысы пікірталас блогы болды, оның барысында қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, пікірлерімен бөлісті.