Құрметті достар! Қыстың алғашқы күндерінен бастап біздің Орталықта Қазақ онкология және радиология ҒЗИ-нің онкологиялық аурулар туралы халықтың хабардарлығын арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес бүкіл желтоқсан айы бойы асқазанның, ұйқы безінің және бауырдың қатерлі ісіктері туралы хабардар болу айлығы өтеді. Бүкіл ай бойы біздің Орталықтың базасында онкологиялық аурулардың алдын алуға және ерте анықтауға бағытталған көптеген қызықты және пайдалы іс-шаралар өтеді. Біздің онколог дәрігерлеріміз асқазанның, ұйқы безінің және бауырдың онкологиялық аурулары туралы ақпараттармен бөлісіп, олардан қалай қорғану керектігін, мұндай аурулары қалай емдейтіні туралы айтатын болады. Сондай-ақ, ашық есік күнін өткізу жоспарлануда, оның барысында кез келген адам кешенді тексеруден өте алатын болады. Сондықтан маңызды іс-шараларды жіберіп алмау үшін әлеуметтік желілердегі парақшаларымызға жазылуды ұсынамыз, пайдалы сілтемелермен бөлісуді де ұмытпаңыздар.