Науқастарды емдеудегі сәттіліктің негізі әрдайым диагнозды, сондай-ақ емдеу тактикасын нақты және уақтылы анықтау болып табылады. Әсіресе, хирургияға қатысты болғанда, операцияға көрсеткіштерді дұрыс таңдау, сондай-ақ әрбір нақты науқас үшін хирургиялық көлемін анықтау маңызы шексіз. Орталықтың үздік мамандары осы көрсеткіштерді жетілдіру бойынша үздіксіз жұмыс істеуде, соның арқасында таяуда пациенттерді емдеу сапасын жақсарту бойынша кезекті технология енгізілді. Атап айтқанда, маммология және гинекология бөлімшесінде сәулелік диагностика бөлімшесімен бірлесіп, сүт безінде микрокальцинаттардың жергілікті жинақталуы бар пациенттер санатында операциялық емдеу сапасын интраоперациялық бақылау әдістемесі енгізілді. Бұл әдістің мәні – хирургиялық емдеу көлемінің дұрыстығын, оның ішінде сүт безінде микрокальцинаттардың жиналуын растау үшін стандартты маммография мен интраоперациялық цифрлық маммографияның нәтижелерін салыстырылады. Микрокальцинаттар дегеніміз – бұл сүт безінде пайда болатын кальцийдің ұсақ бөлшектері. Бұл патология қатерлі ісікке айналу қаупі жоғары, сондай ак қатерлі ісікке дейінгі процесс де болып табылады, кейде тіпті қатерлі ісіктің бастапқы кезеңі де болуы әбден мүмкін. Жедел емдеу сапасын интраоперациялық бақылау әдістемесін енгізумен Орталықта алғашқы операция да жүргізілді. Алдынала болжамдар бойынша, операцияның нәтижесі сәтті болды. Бұл әдістің барлық артықшылықтары туралы маммология және гинекология бөлімінің меңгерушісі Төлеген Құрманғалиев айтып өтті.