13-15 қыркүйек күндері Алматыда Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың бастамасымен “Сәулелік терапия технологияларына қолжетімділік” атты халықаралық конференциясы өтуде, оның жұмысына жақын және алыс шетел ғалымдары, сондай-ақ отандық сарапшылар, соның ішінде Семей қаласының ядролық медицина және онкология орталығы қатысты. Семейден келген делегация құрамына радиациялық онкология бөлімшесінің меңгерушісі, жоғары санатты радиолог-дәрігер Раушан Закирова, күндізгі стационардың меңгерушісі, жоғары санатты радиолог-дәрігер Наталья Карнакова және Орталықтың жобалау менеджері Айгерим Рахимова кірді.
Халықаралық ғылыми-техникалық орталық (ICEC) онкологиялық науқастарға арналған сызықтық үдеткіш негізінде сәулелік терапияға қол жетімділік деңгейін түсіну үшін аймақтық зерттеу жүргізуде. Осы жобаға қатысатын аймақ елдеріне Армения, Әзірбайжан, Эстония, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Латвия, Литва, Молдова, Тәжікстан, Түркіменстан, Украина және Өзбекстан кіреді.
Конференция барысында әлемнің жетекші ғалымдары сәулелік терапия технологияларын одан әрі дамыту бойынша өз тәжірибелерімен, пікірлерімен және ұсыныстарымен алмасты. Бұл бағыттағы ынтымақтастық жалғасатын болады.