19-23 қыркүйек аралығында ядролық медицина және онкология Орталығында өңірлік онкологтар қатысуымен “жатыр мойны патологиясы. Клиникалық кольпоскопия” атты оқыту семинары өтүде. Оқытуды Ұлттық ғылыми онкологиялық Орталықтың көп бейінді хирургия орталығының онкогинекология секторының жетекші маманы, жетекшісі, м. ғ. к., А. Ф. Шакирова жүргізеді. Сондай-ақ, акушер-гинекологтардың семинарлары аясында аймақ тұрғындары үшін тегін кольпоскопияға жазба ашылды.
Өңіріміздің онкологтаымызға, оның ішінде АМСК гинеколог-дәрігерлеріне семинарлар өткізу кезінде жатыр мойны патологиясының алдын алу және емдеу саласындағы ұлттық ғылыми онкологиялық орталықтың ғылыми және клиникалық зерттеулерінің нәтижелері ұсынылатын болады.
Оқыту іс-шаралары “Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық” ЖШС мен Шығыс Қазақстан облысының 2022 жылға арналған онкологиялық ұйымдары арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумды іске асыру шеңберінде жүргізіледі және скринингтік іс-шаралардың тиімділігін арттыруға, жатыр мойны патологиясы бар пациенттерді емдеуге, сондай-ақ онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітім көрсеткіштерін төмендетуге арналған.