[trp_language language=”ru_RU”]15 августа Центр ядерной медицины и онкологии города Семей посетили постоянный представитель Японского Агентства международного сотрудничества «JIСА» в Кыргызской республике и в Казахстане Кавамото Хироюки, а также Советник по формированию проектов «JIСА» в Казахстане Кайно Айя
Казахстан и Япония – давние партнеры в области применения мирного атома, в оказании помощи населению, пострадавшему в результате ядерных испытаний, а также профилактике и лечении онкологических заболеваний. Объединяющим для двух стран стало Японское Агентство международного сотрудничества «JIСА», в рамках которого и в Центре ядерной медицины и онкологии на протяжении многих лет реализуется ряд важнейших проектов.
Давних партнеров и коллег встретили исполняющая обязанности директора Центра ядерной медицины и онкологии Татьяна Белихина, а также заместитель директора по лечебно-диагностической работе Куанткан Жабагин. В Центре гости посетили отделения радионуклидной терапии, радиоизотопной диагностики, а также отделение морфологической и клинической диагностики.
«- Мы рады приветствовать наших японских коллег, партнеров, можно сказать друзей, ведь на протяжении не одного года мы работаем плечом к плечу во благо общества. И за эти годы мы многого достигли, и в подготовке высококвалифицированных специалистов, в разработке и внедрении инновационных методов лечения, в применении современного оборудования в профилактике и лечении онкологических заболеваний», – отметила в своей приветственной речи Татьяна Белихина.
Отметим, совместная плодотворная работа Центра ядерной медицины г.Семей с Японским Агентством международного сотрудничества «JIСА» продолжается на протяжении более 22 лет. За это время было реализовано ряд проектов, направленных на раннее выявление онкологических заболеваний, в рамках технического сотрудничества ряд ведущих японских специалистов посетили Казахстан, чтобы поделиться с коллегами своим опытом и достижениями, проведены совместные сложнейшие операции, ученые двух стран провели важнейшие исследования в области профилактики и лечения рака. За все эти годы налажены тесные связи с японскими университетами Хиросима, Нагасаки. Коллеги из страны восходящего солнца оказали и неоценимую поддержку в укреплении материально-технической базы – так, к примеру, в ЦЯМиО были приобретены диагностическое и другое оборудование, в их числе рентгенологические установки, анализаторы для исследования крови, аппараты для гистологического и цитологического исследования материалов. Кроме того, поступило оборудование для проведения реанимации пациентов и наборы для хирургического вмешательства. Благодаря данному проекту, одним из первых в Казахстане в онкологическом диспансере была внедрена методика окрашивания биоматериалов по Папаниколау, позволяющая распознать изменения на клеточном уровне и выявить болезнь па ранней стадии.
В ходе встречи стороны обсудили достижения совместной работы на протяжении двух десятилетий и обозначили новые приоритеты сотрудничества. Представители Японского Агентства международного сотрудничества «JIСА», а также Центра ядерной медицины и онкологии выразили готовность продолжения двухстороннего сотрудничества.
[/trp_language]
[trp_language language=”kk”]15 тамызда Семей қаласының Ядролық медицина және онкология орталығына «JICA» Жапония халықаралық ынтымақтастық агенттігінің Қырғыз Республикасы мен Қазақстандағы тұрақты өкілі Кавамото Хироюки, сондай-ақ Қазақстандағы «JICA» жобаларын қалыптастыру жөніндегі кеңесші Кайно Ая келіп қайтты.
Қазақстан мен Жапония атомды бейбіт мақсатта пайдалану, ядролық сынақтардан зардап шеккен халыққа көмек көрсету, сондай-ақ онкологиялық аурулардың алдын алу және емдеу саласында бұрыннан келе жатқан серіктестер болып табылады. Жапонияның «JICA» халықаралық ынтымақтастық агенттігі екі елді біріктіруші агенттікке айналды, оның аясында көптеген жылдар бойы Ядролық медицина және онкология орталығында бірқатар маңызды жобалар жүзеге асырылды.
Бұрыннан бері ынтымақтастығы жарасқан серіктестер мен әріптестерді Ядролық медицина және онкология орталығы директорының міндетін атқарушы Татьяна Белихина мен директордың емдеу-диагностикалық жұмыстары жөніндегі орынбасары Қуантқан Жабагин қарсы алды. Орталыққа келген қонақтар радионуклидті терапия, радиоизотопты диагностика, сондай-ақ морфологиялық және клиникалық диагностика бөлімшелерін аралап шықты.
«- Біз тіпті достарымыз деп те айтуға болатын, жапондық әріптестерімізді, серіктестерімізді қарсы алып отырғанымызға қуаныштымыз, өйткені біз бірнеше жылдар бойына қоғам игілігі үшін иық тіресе жұмыс істеп келеміз. Осы жылдар ішінде біз біліктілігі жоғары мамандарды даярлауда, емдеудің жаңашыл әдістерін жасап, оны тәжірибеге енгізуде, онкологиялық аурулардың алдын алу және емдеуде заманауи құрылғыларды қолдануда көптеген нәтижелерге қол жеткіздік», – деді Татьяна Белихина өзінің қонақтарға арнаған сөзінде.
Айта кету керек, Семей қаласындағы Ядролық медицина орталығы мен Жапонияның «JICA» халықаралық ынтымақтастық агенттігімен бірлескен жемісті жұмысы 22 жылдан астам уақыт бойы жалғасып келеді. Осы уақыт ішінде онкологиялық ауруларды ерте анықтауға бағытталған бірқатар жобалар жүзеге асырылды, техникалық ынтымақтастық аясында бірқатар жетекші жапон мамандары әріптестерімен тәжірибелерімен және жетістіктерімен бөлісу үшін Қазақстанға келді, бірлескен күрделі операциялар жүргізілді, екі елдің ғалымдары қатерлі ісіктің алдын алу және емдеу саласында маңызды зерттеулер жүргізді.
Осы жылдар ішінде Жапонияның Хиросима және Нагасаки университеттерімен тығыз байланыс орнатылды. Күншығыс елінен келген әріптестер материалдық-техникалық базаны нығайтуға баға жетпес қолдау көрсетті – мысалы, Ядролық медицина орталығына диагностикалық және басқа да жабдықтар, оның ішінде рентген қондырғылары, қан анализаторлары, материалдарды гистологиялық және цитологиялық зерттеулерге арналған аппараттар сатып алынды.
Сонымен қатар, пациенттерге реанимация жүргізуге арналған жабдықтар мен хирургиялық әрекеттерге арналған жинақтар алынды. Осы жобаның арқасында Қазақстанда алғашқылардың бірі болып онкологиялық диспансерде жасуша деңгейіндегі өзгерістерді тануға және ауруды бастапқы сатысында анықтауға мүмкіндік беретін биоматериалдарды бояудың Папаниколау әдісі енгізілді.
Кездесу барысында тараптар екі онжылдықтағы бірлескен жұмыстың жетістіктерін талқылап, ынтымақтастықтың жаңа басымдықтарын белгіледі. Жапонияның «JIСА» халықаралық ынтымақтастық Агенттігінің, сондай-ақ Ядролық медицина және онкология орталығының өкілдері екіжақты ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.
[/trp_language]
[trp_language language=”en_US”]15 тамызда Семей қаласының Ядролық медицина және онкология орталығына «JICA» Жапония халықаралық ынтымақтастық агенттігінің Қырғыз Республикасы мен Қазақстандағы тұрақты өкілі Кавамото Хироюки, сондай-ақ Қазақстандағы «JICA» жобаларын қалыптастыру жөніндегі кеңесші Кайно Ая келіп қайтты.
Қазақстан мен Жапония атомды бейбіт мақсатта пайдалану, ядролық сынақтардан зардап шеккен халыққа көмек көрсету, сондай-ақ онкологиялық аурулардың алдын алу және емдеу саласында бұрыннан келе жатқан серіктестер болып табылады. Жапонияның «JICA» халықаралық ынтымақтастық агенттігі екі елді біріктіруші агенттікке айналды, оның аясында көптеген жылдар бойы Ядролық медицина және онкология орталығында бірқатар маңызды жобалар жүзеге асырылды.
Бұрыннан бері ынтымақтастығы жарасқан серіктестер мен әріптестерді Ядролық медицина және онкология орталығы директорының міндетін атқарушы Татьяна Белихина мен директордың емдеу-диагностикалық жұмыстары жөніндегі орынбасары Қуантқан Жабагин қарсы алды. Орталыққа келген қонақтар радионуклидті терапия, радиоизотопты диагностика, сондай-ақ морфологиялық және клиникалық диагностика бөлімшелерін аралап шықты.
«- Біз тіпті достарымыз деп те айтуға болатын, жапондық әріптестерімізді, серіктестерімізді қарсы алып отырғанымызға қуаныштымыз, өйткені біз бірнеше жылдар бойына қоғам игілігі үшін иық тіресе жұмыс істеп келеміз. Осы жылдар ішінде біз біліктілігі жоғары мамандарды даярлауда, емдеудің жаңашыл әдістерін жасап, оны тәжірибеге енгізуде, онкологиялық аурулардың алдын алу және емдеуде заманауи құрылғыларды қолдануда көптеген нәтижелерге қол жеткіздік», – деді Татьяна Белихина өзінің қонақтарға арнаған сөзінде.
Айта кету керек, Семей қаласындағы Ядролық медицина орталығы мен Жапонияның «JICA» халықаралық ынтымақтастық агенттігімен бірлескен жемісті жұмысы 22 жылдан астам уақыт бойы жалғасып келеді. Осы уақыт ішінде онкологиялық ауруларды ерте анықтауға бағытталған бірқатар жобалар жүзеге асырылды, техникалық ынтымақтастық аясында бірқатар жетекші жапон мамандары әріптестерімен тәжірибелерімен және жетістіктерімен бөлісу үшін Қазақстанға келді, бірлескен күрделі операциялар жүргізілді, екі елдің ғалымдары қатерлі ісіктің алдын алу және емдеу саласында маңызды зерттеулер жүргізді.
Осы жылдар ішінде Жапонияның Хиросима және Нагасаки университеттерімен тығыз байланыс орнатылды. Күншығыс елінен келген әріптестер материалдық-техникалық базаны нығайтуға баға жетпес қолдау көрсетті – мысалы, Ядролық медицина орталығына диагностикалық және басқа да жабдықтар, оның ішінде рентген қондырғылары, қан анализаторлары, материалдарды гистологиялық және цитологиялық зерттеулерге арналған аппараттар сатып алынды.
Сонымен қатар, пациенттерге реанимация жүргізуге арналған жабдықтар мен хирургиялық әрекеттерге арналған жинақтар алынды. Осы жобаның арқасында Қазақстанда алғашқылардың бірі болып онкологиялық диспансерде жасуша деңгейіндегі өзгерістерді тануға және ауруды бастапқы сатысында анықтауға мүмкіндік беретін биоматериалдарды бояудың Папаниколау әдісі енгізілді.
Кездесу барысында тараптар екі онжылдықтағы бірлескен жұмыстың жетістіктерін талқылап, ынтымақтастықтың жаңа басымдықтарын белгіледі. Жапонияның «JIСА» халықаралық ынтымақтастық Агенттігінің, сондай-ақ Ядролық медицина және онкология орталығының өкілдері екіжақты ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.[/trp_language]