Семей қаласының ядролық медицина және онкология орталығының дәрігерлердің жылжымалы мобильді бригадасы 2022 жылдың 10 мамырында Қарауыл ауылында, 11- мамырда Қайнар ауылы, Абралы өңірнінің тұрғындарына,12 мамырда Саржал ауылының тұрғындарына кешенді медициналық көмек көрсетті.
Алыс жатқан елді мекендердің тұрғындары көп жағдайда денсаулықтары сыр берсе де, дәрігерге уақтылы көрінуді кейінге шегере беретіні бар, бара салғанға – жол алыс, кезек күтіп, сараптама жасатып, әуре-сарсаңынан да қашады. Медициналық қызметтің мобильді түрі ауылдағы денсаулық сақтау саласының тиімді дамуына ықпал етеді. Мобильді бригаданың негізгі мақсаты – шалғай жатқан елді мекенде медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету, онкологиялық ауруларды ерте анықтау.
Семей қаласының ядролық медицина және онкология орталығының жоғары білікті мамандары
Абай, Абралы өңірінің -589 тұрғынына медициналық кеңес берді, 383 -УДЗ-зерттеу жүргізілді. Гинекологтың кеңесін – 159 пациент, маммологтың кеңесін- 200 пациент алды, сүт безіне- 200 УДЗ-тексеру жүргізілді, кардиологтың кеңесін – 112 пациент, онкологтың кеңесін -118 пациент алды.
Барлығы Қарауыл ауылында- 202 тұрғын мамандар кеңесін алып, 149 УДЗ тексеру жүргізілді.
Қайнар ауылында-236 тұрғын кеңес алып, 176 УДЗ тексеру жүргізілді, Саржал ауылында барлығы 151 тұрғын мамандар кеңесін алып, 58 УДЗ тексеру жүргізілді.
Өңір тұрғындары медицина қызметкерлеріне алғысын білдіріп, батасын берді.