Семей қаласының ядролық медицина және онкология орталығының дәрігерлердің мобильді бригадасы 5-6 мамырда Жарма ауданында жұмыс жүргізді.
Мобильді бригаданың шығу мақсаты – ауылдық денсаулық сақтау онкологиялық қызметіне практикалық және әдістемелік көмек көрсету.
Сапар барысында аудан басшылығымен кездесу өткізіліп, аудан онкологиялық қызметінің проблемалық мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, 2022 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша онкологиялық ахуал баяндалды және Жарма ауданының онкологиялық қызметі бойынша жұмысты жақсарту бойынша ұсыныстар берілді.
Семей қаласының ядролық медицина және онкология орталығының жоғары білікті мамандары Жарма ауданының халыққа кеңес берді, 165 пациент қаралды, 48 УДЗ-зерттеу жүргізілді. Гинекологтың кеңесін 15 пациент, маммологтың кеңесін-90 пациент алды, сүт безін 70 УДЗ-тексеру жүргізілді, кардиологтың кеңесін 38 пациент, онкологтың кеңесін – 22 пациент алды.