Семей өңіріндегі, ауылдық, оның ішінде шалғай аудандардағы тұрғындарға онкологиялық көмектің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету – Семей қаласының ядролық медицина және онкология орталығы қызметкерлерінің жұмысының басымдықтарының бірі.
Біз ауыл халқына консультациялық-диагностикалық және медициналық көмек көрсету және аудандардың МҰ қызметкерлері үшін консультациялық-әдістемелік жұмыс көрсету мақсатында ҚІ ерте диагностикалау, медицина қызметкерлері үшін онкологиялық сақтық мәселелері бойынша ауданның семинарларын өткізу түрінде аудандарға мобильді шығу науқанын жалғастырудамыз.
5 мамырда мобильді онколог-дәрігерлер мобильді бригадасы Шар қаласының тұрғындарына және медицина қызметкерлері үшін қатерлі ісіктердің алдын алу және ерте диагностикалау бойынша әдістемелік көмек көрсетті, дәрігерлер арасында онконастаздық мәселелері талқыланып тақырып бойынша сұрақтар қойылды.