Сүт бездерінің ауруларын анықтау үшін үштік бірлік қолданылады:
1️⃣ Дәрігердің тексеруі (консультация, қолмен ұстап көру, тексеру, анамнез жинақтау);
2️⃣ Диагностикалық әдістер (УДЗ, маммография, МРТ);
3️⃣ Патоморфологиялық зерттеу (цитология және гистология).
✴ Диагнозды анықтау барысында дәрігер тек көру нәтижелеріне (рентген, КТ, МРТ) немесе қан талдауларына сене алмайды.
✳ Онколог үшбірліктің патоморфологиялық үшінші зерттеу кезеңі (цитология және гистология) өтпейінше немен айналысатынын білмейді.
✴ Бұл зерттеусіз нақты «обыр» диагнозын қою мүмкін емес.
✅ Семей қаласының Ядролық медицина және онкология орталығында сүт безіндегі ісікке күдік туындаған жағдайда алдымен жіңішке инелі БИОПСИЯМЕН ЦИТОЛОГИЯЛЫҚ зерттеу орындалады. Бұл әдіс жеке жасушаларды зерттеуге негізделген және мыналарға септігін тигізеді:
✔сүт безіндегі ісік түрлерін анықтау (фиброаденома, киста немесе обыр);
✔Қатерлі ісіктің таралу сатысын анықтау;
✔Мүшедегі обыр алды және ісік процестерін диагностикалау.
✅ Егер диагноз цитологиялық тұрғыдан нақтыланып жатса, онда арғы тексеру тәсілі аясында ГИСТОЛОГИЯЛЫҚ зерттеумен ТРЕПАНБИОПСИЯ жасалады. Ол үшін ісік фрагментін немесе операциялық материал қолданады. Бұл кезең өте маңызды, өйткені ол диагнозды анықтауда нүкте қоюға және алдағы емдеу стратегиясын анықтауға мүмкіндік береді.