Онкохирургия бөлімі 2019 жылдың сәуір айында бұрын жұмыс істеп тұрған бөлімнің таратылуы нәтижесінде қайта құрылды. Соңғы 4 жылда ол жалпы онкология бөлімі деп аталды және екі хирургиялық бөлімшелердің – маммогинекология және онкохирургия бөлімшелерінің бірігуі нәтижесінде құрылды.
Бүгінде онкохирургиялық бөлімнің жалпы төсек қоры 20 төсектік орынды құрайды.
Бөлімде тәжірибелі, жоғары білікті дәрігер-онкохирургтер жұмыс жасайды.
Бөлімнің негізгі міндеттері:
— қатерлі ісік, ісік алды ауруларға шалдыққан пациенттерді операциялық жолмен емдеу;
— онкопатологиядан туындаған өзгерістерді түзету;
— қажет болған жағдайда — стационар жағдайында толық тексеруден өткізу.
Сонымен қатар бөлім мамандары қаланың басқа да ЕПМ обырға қарсы насихат, консультациялық көмек жүргізеді. Бөлім базасында стома қойылған пациенттерді оңалту кабинеті қызмет көрсетеді, «Fast track» жылдам сауықтыру бағдарламасы енгізілуде. Бөлім базасында студенттер мен курсанттарды «Онкология» мамандығы бойынша даярлау жүргізіледі. Бөлім қызметкерлері «Онкология» мамандығы бойынша магистратура аясында қосымша білім алады.
Бөлім пациенттері Абай облысының әртүрлі өңірлері, ҚР облыстары және жақын шетел тұрғындары болып табылады. Бөлім замануаи ем жүргізуге арналған қажетті жаңа аппараттармен үнемі толықтырылып отырады. Бөлім базасында онкохирургиядағы барлық негізгі операциялық әрекеттер, оның ішінде жоғары мамандандырылған медициналық көмек аясындағы операциялық әрекеттер жүргізіледі.
2013 жылдан бастап, эндовидеоскопиялық құрылғы орнатылған. Оның көмегімен операциялық әрекеттердің спектрі үнемі кеңейтіліп отырған, жарақаты шағын әдістері енгізілуде.
Бөлім қызметкерлері, онкохирургтер Қазақстан Республикасының, алыс-жақын шетелдердің (Ресей, Франция, Түркия, Германия, Корея, Индия, Израиль, Швейцария және т.б.) алдыңғы қатарлы клиникалары базасында оқытудан өтіп, өз біліктіліктерін, жоғарылатуды жалғастыруда.