Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының ядролық медицина және онкология орталығы

Инфекциялық бақылау қызметі 2000 жылы енгізілді. Қызметтің мақсаты жұқпалы аурулардың пайда болуы мен таралуының алдын алу, медициналық персоналдың кәсіптік қызмет барысында жұқпалы ауруларды жұқтыру жағдайларын қоса алғанда, аурудың алдын алу мен азайту, эпидемиологиялық қадағалауға бағытталған ұйымдастырушылық, профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу болып табылады.

Инфекциялық бақылаудың міндеті – мекемеде инфекциялық қауіпсіздіктің сақталуын бақылауға бағытталған ұйымдастырушылық іс-шаралар жүйесін әзірлеу және енгізу.

Инфекциялық бақылау қызметінің негізгі функциялары:

 – жұқтыру жолдары мен факторларына, инфекциялардың ауруханаішілік таралуына ықпал ететін жағдайларға эпидемиологиялық диагностика жүргізу, пациенттердің және медициналық персоналдың жұқпалы ауруларды жұқтыру қаупін бағалау;

– ауруханаішілік инфекциялармен сырқаттанушылықты, өлім-жітімді және экономикалық залалды төмендетуге бағытталған профилактикалық және эпидемияға қарсы шараларды әзірлеу және ұйымдастыру;

– профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралардың эпидемиологиялық және экономикалық тиімділігін бағалау;

– емдеу-алдын алу мекемесінің барлық функционалдық бөлімшелерінен ауруханаішілік инфекциялар  аурулары және басқа инфекциялар немесе олардан қайтыс болу жағдайлары, инфузиялық терапия жүргізу кезіндегі ерекше реакциялар, инфекциялық аурулардың, оның ішінде ауруханаішілік инфекциялар қоздырғыштарының бөліну жағдайлары туралы күнделікті ақпаратты жинауды және талдауды ұйымдастыру; – ЖБИ аурушаңдығына жедел және ретроспективті эпидемиологиялық талдау жүргізу, жұқтыру заңдылықтарын, жалпы ЖБИ эпидемиялық процесінің даму үрдістері мен ерекшеліктерін, сондай-ақ жекелеген нозологиялық нысандарды анықтау; – инвазиялық араласулардың эпидемиологиялық қауіпсіздік дәрежесін, жаңа медициналық технологияларды, пациенттер мен медициналық персоналдың инфекцияны жұқтыру қаупін бағалау, оны төмендетуге бағытталған шараларды анықтау және ұйымдастыру. – ауруханаішілік инфекциялардың негізгі қоздырғыштарының микробқа қарсы және антисептикалық препараттарға төзімділігіне эпидемиологиялық талдау жүргізу, басқа мамандармен бірлесе отырып, Епу-да микробқа қарсы препараттарды қолдану стратегиясы мен тактикасын әзірлеу және санитариялық микробиологиялық зерттеулердің нәтижелерін эпидемиологиялық талдау, оларды жүргізу стратегиясын, көлемі мен еселігін айқындау; – ауруханаішілік инфекцияларға эпидемиологиялық қадағалаудың оңтайлы жүйесін (айналымдағы қоздырғыштардың биологиялық қасиеттеріне микробиологиялық мониторингті қоса алғанда) әзірлеу және енгізу, оның тиімділігін тұрақты бағалау; – медицина персоналына вакцинация жүргізуді бақылау; – медициналық қалдықтарды жинау, уақытша сақтау және жою жүйесін бақылау; – ауруханаішілік инфекциялардың алдын алу мәселелері бойынша медициналық персоналдың әртүрлі санаттарын жүйелі оқытуды ұйымдастыру. -орталықтың құрылымдық бөлімшелерінде санитариялық-эпидемияға қарсы және дезинфекциялық-зарарсыздандыру режимдерінің орындалуын бақылау.

Масалова Жанар Аримбекқызы

Масалова Жанар Аримбекқызы

Дәрігер эпидемиолог

Кондакирова Бахыт Маратовна

Кондакирова Бахыт Маратовна

Инфекциялық бақылау мейіргері