Центр ядерной медицины и онкологии управления здравоохранения области Абай

Ядролық медицина және онкология Орталығы директорының м. а. Татьяна Белихина 7-9 желтоқсанда Швейцариядағы Женева қаласында иммуно-онкология бойынша ESMO конгресінің отырысына қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, ESMO — медициналық онкология саласындағы жетекші кәсіби ұйым. Ол әлемнің 160-тан астам елінен онкология саласында 28000-нан астам мамандарды біріктірді. Иммуно-онкология бойынша ESMO конгресі-бұл иммунотерапия негіздерінен бастап соңғы зерттеу нәтижелеріне дейін осы перспективалы саладағы озық білім беру бағдарламасы мен соңғы ғылыми әзірлемелерді ұсынатын жаһандық кездесу.

ESMO конгресі барысында кездесуге қатысушылар қатерлі ісікке қарсы иммунотерапияның қарқынды дамып келе жатқан саласындағы білімдерін жаңартуға мүмкіндік алды. Конгресс бағдарламасында иммуно-онкологиядағы жаңа диагностикалық әдістердің, биомаркерлердің және терапевтік стратегиялардың қазіргі жағдайына шолу жасалады. Иммуномодуляцияның соңғы дамуы, соның ішінде ісік микроортасы, иммунометаболизм, эпигенетика немесе микробиома талқыланды. Иммундық онкологияның жаңа стратегиялары, соның ішінде иммундық жасуша терапиясы, мультиспецификалық антиденелер, онколитикалық вирус немесе қатерлі ісікке қарсы вакциналар да қарастырылды.