Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының ядролық медицина және онкология орталығы

[trp_language language=”ru_RU”]

В ходе рабочего визита в область Абай Глава государства Касым-Жомарт Токаев провел встречу с общественность, где озвучил основные приоритеты инфраструктурного и социально-экономического развития региона. Особое внимание было уделен и сфере здравоохранения.

«– По моему поручению в Семее введен в эксплуатацию радиологический центр онкологического диспансера. Строится детский реабилитационный центр. В рамках национального проекта «Модернизация сельского здравоохранения» в регионе будет построено 65 объектов. Мы должны уделить особое внимание реабилитации наших граждан, пострадавших от ядерных испытаний», – отметил Президент.

Президент также подчеркнул, что создание нового региона – сложная задача, поэтому важно проводить комплексную и тщательно продуманную работу по всем направлениям.

«Поручаю Правительству в ближайшее время разработать комплексный план развития области Абай. В перспективе она должна стать самодостаточным, процветающим регионом. Наш общий долг – сделать все для развития региона, который, несмотря на его бедственное положение, очень дорог нам. Без всякого преувеличения, это и мой долг как Президента. В этой связи я хотел бы затронуть еще один вопрос. Фактически можно сказать, что в основе модернизации нации лежат образование и культура, а не политика и экономика. В начале прошлого века Семей считался духовной столицей казахов. Великий путь, начатый Абаем и продолженный лидерами движения Алаш, вывел наш народ на совершенно новый уровень. Эти великие личности дали ориентиры, каким должно быть будущее казахского народа», – сказал Глава государства.

В завершение встречи Глава государства вручил ряду жителей области Абай государственные награды.

[/trp_language][trp_language language=”kk”]

Абай облысына жұмыс сапары барысында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұртшылықпен кездесу өткізіп, өңірдің инфрақұрылымдық және әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі басымдықтарын атап өтті. Денсаулық сақтау саласына да ерекше көңіл бөлінді.

«– Менің тапсырмам бойынша Семейде онкологиялық диспансердің радиологиялық орталығы пайдалануға берілді. Балаларды оңалту орталығы салынып жатыр. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында аймақта 65 нысан салынады. Біз ядролық сынақтардан зардап шеккен азаматтарымызды оңалту мәселесіне баса мән беруіміз керек», – деді Президент.

Президент жаңа облыс құру оңай шаруа емес екенін айта келіп, барлық салада ан-жақты және мұқият ойластырылған жұмыс жүргізудің маңызына тоқталды.

«– Үкіметке жақын арада Абай облысын дамытудың кешенді жоспарын әзірлеуді тапсырамын. Келешекте облыс өзін-өзі толыққанды қамтамасыз ете алатын, өркендеген аймаққа айналуға тиіс. Қасіретке шалдықса да, қасиетін жоғалтпаған өлкені барынша дамыту – ортақ парыз. Бұл менің Президент ретіндегі парызым деп айтсам, артық емес. Осы орайда, бір мәселеге арнайы тоқталғым келеді. Шын мәнінде, ұлтты жаңғыртудың негізі саясат пен экономикадан гөрі білім мен мәдениетте жатыр деуге болады. Семей өткен ғасырдың басында қазақтың рухани астанасы саналған. Абай бастап, Алаш арыстары жалғаған ұлы жол ұлтымызды есейтіп, мүлде жаңа деңгейге көтерді. Олар қазақтың болашағы қандай болуы керектігін айқындап берді, – деді Мемлекет басшысы.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Абай облысының бірқатар азаматын мемлекеттік наградалармен марапаттады.

[/trp_language][trp_language language=”en_US”]

[/trp_language]