Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының ядролық медицина және онкология орталығы

9-13 қыркүйек аралығында Парижде (Франция) Еуропалық медициналық онкология қоғамының (ESMO) кезекті конгресі өтуде. ESMO 2022 конгресі-әлемдегі жетекші сарапшылар қатерлі ісік ауруын емдеудің ең тиімді шешімдерін талқылайтын үлкен алаң. Біздің өңірден делегацияның құрамында Конгреске Семей қаласының ядролық медицина және онкология Орталығы директорының міндетін атқарушы Татьяна Белихина, сондай-ақ Орталықтың маммология және гинекология бөлімшесінің меңгерушісі Толеген Курмангалиев қатысады.
Еуропалық медициналық онкология қоғамы (ESMO) – бұл жетекші еуропалық кәсіби ұйым, оның мақсаты медициналық онкология мамандығын дамыту және қатерлі ісікті емдеу мен онкологиялық көмекке мультидисциплинарлық тәсілді ілгерілету болып табылады.
Жоғарыда айтылғандай, ESMO конгресі-онкологтардың ең ірі алаңы, мысалы, өткен жылдың осындай кездесуінде әлемнің 143-тен астам елінен 23 мыңға жуық қатысушы жиналды. Конгресс жұмысына 170-тен астам сессия кірді, онда әлемнің 500-ге жуық сарапшысы баяндама жасады.
Осы кездесу де ауқымды болды, мұнда онкологиялық аурулардың алдын алу және емдеу саласындағы соңғы зерттеулердің нәтижелері ұсынылды, сондай-ақ қатысушылар әлемнің түкпір-түкпірінен келген әріптестерімен сөйлесуге, қоғамдық пікір көшбасшыларына қызықтыратын сұрақтар қоюға, тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды.